Пәтерге тіркелген адам жайлы үй иесіне SMS хабарлама келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пәтерге тіркелген адам жайлы үй иесіне SMS хабарлама келеді

23.09.2021

Пәтерге қосымша адам тіркелсе, үй иесіне бұл туралы SMS хабарлама келеді. Көбіне, азаматтар өзге адамдардың тіркелгенін арнайы органдарға барған кезде біліп, аң-таң болып жатады. Осыны ескерген «Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясы жалға алушыларды тіркеу туралы пәтер иелеріне SMS-хабарлама жіберудің жаңа қызметін іске қосты. Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы азаматтарды тіркеу кезінде үй иесінің ұялы телефонына өзі тіркеген адамның деректері жазылған хабарлама келеді. Егер үй иесі біреуді тіркеуден шығарғысы келсе – тіркеуден шығарылған адамға да хабарлама келеді. 

Ғабит Бөкенбай

Хабарламаларға жазылу