Google қазақ тіліндегі аудармашы қызметін іске қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Google қазақ тіліндегі аудармашы қызметін іске қосты

12.12.2014
Google қазақ тіліндегі аудармашы қызметін іске қосты

«Сіз сапарға шығуға дайындалсаңыз немесе басқа тілде сөйлейтін достарыңызбен тілдескіңіз келсе Google аудармашы қызметі жаңа ақпарат алып, адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Бүгін біз Google аудармашы қызметіне қазақ тілін қостық», деп хабарлайды компания.

Қызмет компьютер мен мобильді құрылғылар үшін жарамды. Хабарламада қызметтің бұл түрі компания тарапынан да, пайдаланушылар көмегімен де жетілетіні айтылған.

«Біз қазақстандық аудармашылар қауымдастығына алғыс білдіреміз. Барлығын автоматты аудармашынының сапасын жетілдіру жұмысын жалғастыруға шақырамыз. Егер сіз қате байқасаңыз, қарындаштың суретін шертіп, қатені түзетіңіз. Осыдан кейін «Аударманы жақсарту» деген батырманы басыңыз. Уақыт өткен сайын біз сіздердің түзетулеріңізді қазақ тілінде жақсырақ сөйлеу үшін пайдаланамыз!», деп жазылған хабарламада.

Хабарламаларға жазылу