Михаил Кукушкин Мiami Оpen турнирінің екінші кезеңіне өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Михаил Кукушкин Мiami Оpen турнирінің екінші кезеңіне өтті

27.03.2015
Михаил Кукушкин Мiami Оpen турнирінің екінші кезеңіне өтті

Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин бірінші айналымда америкалық Стив Джонсонды үш сетте 6:4, 3:6, 6:2 есебімен ұтып, екінші айналымға өтті. Енді Михаил франциялық Жиль Симонмен күш сынасады.

Ал, тағы бір отандасымыз Андрей Голубев ресейлік Михаил Южныйдан 6:4, 2:6, 3:6 есебімен ұтылып қалды.

Бүгін Зарина Диас кортқа шығады. Қарсыласы – америкалық Кэтрин  Беллис. Айта кетейік, Зарина жарысты екінші айналымнан бастайды.

Хабарламаларға жазылу