Australian Open. Зарина Диас алғашқы айналымнан сүрінбей өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Australian Open. Зарина Диас алғашқы айналымнан сүрінбей өтті

19.01.2015
Australian Open. Зарина Диас алғашқы айналымнан сүрінбей өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы бірінші сетте жеңілгенімен, турнирдің екінші айналымына шыға алды.

Мельбурнде басталған Австралия ашық біріншілігінде  Зарина Диас екінші айналымға жолдама алды. Ол алғашқы бәсекеде Польша теннисшісі Урсула Радваньскамен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп – 3:6, 6:4, 6:2.

Зарина Диас келесі айналымда словак қызы Анна Шмидловамен ойнайды. Ол өз кезегінде ОАР теннисшісі Шанель Схеперстен басым түсті. Есеп - 6:4, 4:6, 6:2.

Фото: womenstennisblog.com

Хабарламаларға жазылу