Зарина Диас жаңа маусымды жеңіспен бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас жаңа маусымды жеңіспен бастады

05.01.2015
Зарина Диас жаңа маусымды жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Диас Қытайдың Шэньчжэн қаласында өтіп жатқан WTA турнирінде хорватиялық Донна Векичпен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп – 6:3, 6:1.

Кездесу 56 минутқа созылды. Бұл – 21 жастағы қазақстандық теннисшінің жаңа маусымдағы алғашқы ойыны.

Екінші айналымда Зарина Диас венгриялық теннисші Тимеа Бабошпен кездеседі.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры – 500 мың АҚШ доллары. Жарыс 10 қаңтарға дейін созылады.

Хабарламаларға жазылу