Зарина Диас WTA турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зарина Диас WTA турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті

12.05.2015
Зарина Диас WTA турнирінің алғашқы айналымынан сүрінбей өтті

Қазақстанның бірінші ракеткасы Зарина Диас Италияның Рим қаласында өтіп жатқан WTA турнирін жеңіспен бастады.

Ол алғашқы айналымда Болгария теннисшісі Цветана Пиронкованы 7:5, 6:1 есебімен ұтып, жарыс жолынан шығарды. 

Жерлесіміздің екінші айналымдағы қарсыласы - әлемнің алтыншы ракеткасы канадалық спортшы Эжени Бушар.

 

Рустам БАЙДӘУЛЕТОВ

Хабарламаларға жазылу