Қызылордада Илья Ильин атындағы спорт кешені бой көтереді
Биыл Қызылорда қаласының орталығында Илья Ильин атындағы спорт кешені, бокс орталығы, Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов ауылында - стадион, Жаңақорған және Әйтеке би кенттерінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Каленовтің айтуынша, соңғы 5 жылда облыста 320 шағын спорт алаңдары пайдалануға берілді.
Барлық аудан орталықтарындағы стадиондарға жасанды шөп төселіп, көрермен орындықтары қайта қалпына келтірілді. Қызылорданың «Сыр самалы» жағажайында жағажай футболының аренасы іске қосылды.
Сонымен қатар, Қызылорда қаласында - 3,ауданда 7 шағын спорт алаңы ел игілігіне ұсынылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29