ЕҰУ оқытушылары үшін жаңа жатақхана салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҰУ оқытушылары үшін жаңа жатақхана салынады

01.10.2020

Елордада студенттік тұрғын үй кешені бой көтереді. Жобаның аумағы 45 мың шаршы метр. 2361 орынға шақталған. Жатақхана Еуразия Ұлттық университетінің тәлімгерлеріне арналып отыр. Қосымша тамақтану және демалыс орындары, жаттығу залы, спорт алаңы мен дүкендер болады. Құрылыс толықтай жеке инвестор есебінен жүргізіледі. Жаңа нысан «Елбасының бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасы аясында салынады.

Мадина Жолдас  

жатақхана студенттер үйі Еуразия Ұлттық университеті

Хабарламаларға жазылу