Неміс ғалымы өзін 150 жыл тоңазытқышта сақтамақ
75 жастағы неміс ғалымы Клаус Самес өз ағзасын болашақта биологиялық функцияларын қалпына келтіру үшін криконсервация әдісімен мұздатып қатырып тастамақшы, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Профессор Американың «Крионика интитуты» коммерциялық емес ұйымымен келісімшарт жасасып та қойған. Оның мұздатылған денесі адамзат тоңазытылған жасушаларды тірілтуді үйренгенше сақталады.
Саместің денесі -196 градусқа дейінгі салқындықта сақталады. Миы жұмысын тоқтатқаннан кейін оны кесек-кесек мұздар салынған жәшікке салып, АҚШ-қа жіберуге дайындай бастайды.
Кейін профессорды Клинтон тауншипіндегі Крионика институтының штаб-пәтеріне жеткізеді. Онда оның тамырларынан қан сорылып, орнына арнайы ерітінді құйылады.
Самес аталған қызмет үшін крионика институтына 21 мың еуро төлеген. Жалпы, криониканың негізін америкалық ғалым Роберт Эттингер қалаған деп саналады.
Самес аталған қызмет үшін крионика институтына 21 мың еуро төлеген. Жалпы, криониканың негізін америкалық ғалым Роберт Эттингер қалаған деп саналады.
1962 жылы ол «Мәңгілік өмір перспективалары» атты еңбек жазып, танылған еді. Бұл кітап ғылыми әлемге айтарлықтай әсер етіп, содан оның идеялары біртіндеп қолдау таба бастады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44