Мемлекет басшысының қатысуымен Ақтөбедегі ферроқорытпа зауыты іске қосылды
Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның жаңа ферроқорытпа зауытына барды. Зауытты көру барысында Елбасыға ферроқорытпа өндірісін ашу жобасы туралы баяндалды. Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев бірінші балқыту пешін салтанатты түрде іске қосты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президенті сондай-ақ, кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесті. Олар мемлекет тарапынан металлургтерге ұдайы көрсетіліп отырған қамқорлық пен қолдау үшін ризашылықтарын білдірді. Мемлекет басшысы еңбек ұжымын жаңа ауқымды өндірістің іске қосылуымен құттықтап, оларға табыс және бақ-береке тіледі.
«Қазхром» ТҰК» АҚ-ның ферроқорытпа зауытының жобалық қуаты жылына 440 мың тонна жоғарыкөміртекті феррохром өндіруге жетеді. Биылғы жылдың соңына дейін 226,5 мың тонна өнім шығару жоспарланып отыр. Кәсіпорындағы жұмыс орындарының саны 500-ге таяу.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Fifa World Cup: 2-тур ойындарының соңғы матчтары өтеді
23.06.2026, 20:31
Д.Сәтпаевтың трансферлік құны өсті
23.06.2026, 20:27
Қос елдің ортақ фильмі: Корея актерлары алматыға келді
23.06.2026, 20:26
Бүгін – Полиция қызметкерлерінің кәсіби мерекесі
23.06.2026, 20:17
Бүгін - Мемлекеттік қызметшілер күні
23.06.2026, 20:11
«Ауыл» партиясының кезектен тыс съезі өтті
23.06.2026, 20:10
Орта дәліздің стратегиялық әлеуеті талқыланды
23.06.2026, 20:05
Брюссельдегі келіссөздер: Ықпалдастықтың жаңа бағыты айқындалды
23.06.2026, 20:05