Сербиялық Новак Джокович матчты сенсациямен аяқтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сербиялық Новак Джокович матчты сенсациямен аяқтады

04.01.2024

Әлемнің нөмірі 1-ші ракеткасы Сербиялық Новак Джокович матчты сенсациямен аяқтады. Ол United Cup турнирінің ширек финалындағы Сербия мен Австралия матчында жеңіліске ұшырады. Новак Джокович, австралиялық Алекс де Минаурдан екі сетте ұтылды - 4:6, 4:6. Бұл текетіресте Новак Джокович айқын фаворит саналды. Осылайша, Австралия құрамасы Сербия құрамасымен өткен кездесуде 1:0 есебімен алға шықты.

Тәуірбек Бозекен


Хабарламаларға жазылу