Дэвис Кубогы. Бүгін «Kazsport» Сербия-Қазақстан арасындағы үшінші жұптық ойынды тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дэвис Кубогы. Бүгін «Kazsport» Сербия-Қазақстан арасындағы үшінші жұптық ойынды тікелей эфирде көрсетеді

05.03.2016
Дэвис Кубогы. Бүгін «Kazsport» Сербия-Қазақстан арасындағы үшінші жұптық ойынды тікелей эфирде көрсетеді

Бұл матчтарды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кеше алғашқы екі ойын өтті. Бірінші ойында Қазақастан құрамасының теннисшісі Александр Недовесов әлемнің №1 ракеткасы серб Новак Джоковичтан ұтылып қалған болса, екінші ойында Михаил Кукушкин қарсыласы Виктор Троицкиді ұтты. Қазірше есеп – 1:1.

Бүгін қос ел арасындағы үшінші жұптық ойыны өтеді. Қазақстан құрамасы сапынан кортқа Александр Недовесов/Андрей Голубев ал, сербиялықтардан Новак Джокович пен Ненад Зимонич шығады.

Ойынды кешкі сағат 19:45-те «Kazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре аласыздар.

Айта кетейік, Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Диас Досқараев сербиялықтарға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев пен Дмитрий Попконы шақырған.

Ал, Сербия сапында әлемнің 1-ші ракеткасы Новак Джокович, Виктор Троицки, Филип Крайинович және Ненад Зимонич ойнайтын болды.

Хабарламаларға жазылу