Түркітектес елдер жазушыларының кітапханасы сериясын дайындау ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркітектес елдер жазушыларының кітапханасы сериясын дайындау ұсынылды

19.06.2014
Түркітектес елдер жазушыларының кітапханасы сериясын дайындау ұсынылды
 
Мәжілістің жалпы отырысында депутат Алдан Смайыл Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кәрім Мәсімовке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратының  баспасөз қызметі.
 
Ол биыл 19-20 мамырда Астанада алғаш рет «Түркі жазуы күні» халықаралық деңгейде аталып өтіп, форумға Түркі кеңесі мен ТҮРКСОЙ-дың басшылары, Түркия, Ресей, Татарстан, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы т.б. елдердің ғалымдары, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы өкілдігі қатысқаны туралы атап өтті.
 
«Ендігі міндет - осы күнді жыл сайын бүкіл түркі дүниесінің рухани-мәдени жаңғыру күні ретінде өткізіп, жаңа бастамаларға ғұмыр беру», - деді   депутат.
 
Сондай-ақ, ол Орхан ескерткіштеріндегі Күлтегін, Тоныкөк, Білге жазбалары баян еткен тарихты әсем сөйлететін әдеби шығармалар мен көркем фильмдерге Түркі академиясы мен ТҮРКСОЙ-дың атынан бәйге жариялауға шақырды.
 
Әдеби шығармаларды іріктеп, төл тілімізге аударуды және «Түркітектес елдер жазушыларының кітапханасы» сериясын әзірлеуді, сонымен қатар, түркі дүниесін түгел қамтыған ортақ энциклопедия шығаруды ұсынды.

 

 

Хабарламаларға жазылу