Әбдіжәміл Нұрпейісов Нобель сыйлығына ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әбдіжәміл Нұрпейісов Нобель сыйлығына ұсынылды

26.09.2014
Әбдіжәміл Нұрпейісов Нобель сыйлығына ұсынылды

Биыл Нобель сыйлығына Қазақстанның атынан Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісов ұсынылды. Бұл туралы Қазақ ПЕН-клубының президенті Бигелді Ғабдуллин мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстанның атынан Нобель сыйлығына ақын-жазушыларды ұсыну бойынша тек әдебиет институты мен Қазақ ПЕН-клубының ғана құқығы бар.

Сондай-ақ, Бигелді Ғабдуллин қазіргі уақытта қазақтың классик жазушыларының туындыларын ағылшын тіліне аудару жұмыстары жүргізіліп жатқандығын да жеткізді.

Айта кетейік, жазушы өткен жылы да Нобель сыйлығына ұсынылған болатын.

 

Хабарламаларға жазылу