Түрколог мамандар Анкарада бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түрколог мамандар Анкарада бас қосты

11.04.2014
Түрколог мамандар Анкарада бас қосты
Түркітектес мемлекеттердің түркология саласындағы ынтымағын арттыруға Нұрсұлтан Назарбаевтың бастауымен құрылған Түркі академиясы үлкен үлес қосуда. Бұл туралы Анкарада өткен беделді түрколог мамандардың басқосуында айтылды.
 
«Саладағы байланысты одан әрі жандандыру қажет», дейді Түркияның зиялы қауым өкілдері. Ол үшін түркі дүниесі ортақ жоба әзірлеуі тиіс. Әрбір ел атақты жазушыларының, түрколог мамандарының еңбектерін өз тіліне аударып, халыққа танытуы керек. Сонда ғана түбі бір түркі елдері бірін-бірі жақын танитын болады.
 
Осман Хорататүрколог:
Осы бағыттағы ынтымақты арттыруға осындай маңызды басқосулар да септігін тигізеді. Мысалы, мен бүгін Ресейден келген атақты түркологтармен таныстым. Бір-бірімізге жүргізіп жатқан зерттеулерімізді көрсеттік. Тың дүниелер жасалып жатыр екен. Кітап болып басылған соң, біз еңбектерімізді Астанада құрылған Түркі академиясының мұрағатына тапсырамыз. Қалаған адам біздің зерттеулерімізбен сол жерден таныса алады.
 
Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу