Тарихи-мәдени мұралар туралы заң қабылдау қажет – А.Мұхамедиұлы
|
Парламент Сенатында еліміздегі жаңа Мәдениет саясатының тұжырымдама жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстелінде ҚР Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қазақстанда тарихи-мәдени мұралар туралы Заң қабылдануы керек деген мәселе көтерді.
«Бүгінгі күні «Мәдениет туралы» Заңдағы жекелеген ерекшеліктер қамтылмай отыр. Сондықтан біз ең бірінші тарихи-мәдени мұралар туралы Заң қабылданса деп тілейміз. Өйткені бүгінгі күні осы бағытта көптеген мүдделер қақтығысы орын алып келеді. Мәселен, археологиялық қазба жұмыстары жүріп жатыр, бірақ ол заң деңгейінде реттелмеген. Жер жекенің меншігінде. Осындай нақты мәселелерді реттейтін заңның жоқтығынан біз көптеген тарихи ғимараттарды, орындарды жоғалтып жатырмыз», - деді министр.
Сонымен бірге, министрдің айтуынша, екінші қажетті құжат - бұл кино туралы заң. Ондай құжаттың маңыздылығы туралы бірқатар мәселелер көтерілгенімен, әлі нақты қадам жасалмай келеді.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44