Ақмолада 1 млрд теңгені мердігерге тендерсіз бергендер анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмолада 1 млрд теңгені мердігерге тендерсіз бергендер анықталды

26.01.2023

Ақмола облысында жол жөндеуге бөлінген 1 миллиард теңгені мердігерге тендерсіз берген лауазымды тұлға жұмыстан қуылды. Жоспар бойынша «Екатеринбург-Алматы» тасжолынан Берсуат ауылына дейінгі 15 шақырымдық жол күрделі жөндеуден өту керек болған. Аймақтағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы осы жөнінде «Еңбек» мемлекеттік кәсіпорнымен тікелей келісімшарт жасаған. Аршалы аудандық прокуратурасы оның бұл шешімін заңсыз деп таныған.

Имран Мамедов, облыстық Прокуратура басқармасының аға прокуроры:
Талдау нәтижесі бойынша Аршалы ауданының бөлім басшысы мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жұмыстан шығарылған. Ақша сол конкурс бойынша аударылмаған. Енді болашақта қайтадан конкурс жарияланады.

Ұмсындық Наурызбаева

Хабарламаларға жазылу