Қазақстанда 400 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда 400 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар бар

07.06.2014
Қазақстанда 400 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар бар
Қазіргі уақытта Қытай Қазақстанның бірінші сауда серіктесіне айналды. Өткен жылы екі ел арасындағы тауарайналым  28,6 млрд долларды құрады. Қазақстанда 400 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар бар, көпшілігі сауда саласында жұмыс істейді. Бұл туралы ҚР ҚХР елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Осыған дейін «Синьхуа» агенттігі хабарлағандай, 2009 жылғы деректер бойынша Қазақстанда 300 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар, бизнесмендер болған. Көпшілігі  Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында тұрған.
 
Шетелдік қытайлардың «Хуацяо хуажэнь байкэ цюаньшу»  энциклопедиясында қытай дипломатына сілтеме жасап Қазақстанда 400 мыңға жуық қытай этносы мен қытайлық эмигранттар бар деп жазды. Оған дүнгендер (60 мың), ханьдар ( 2 мыңнан аспайды), басым көпшілігі Қытайдан Қазақстанға көшіп келген қазақтар мен ұйғырлар.
 
 

 

Хабарламаларға жазылу