Қазақстанда құрылыс жұмыстары сапасына жауапкершілік күшейтіледі. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің кеңейтілген отырысында ҚР Өңірлік даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.
«Заң жобасы тұжырымдамасы, біріншіден, аттестатталған сарапшылардың жеке жауапкершілігін, сонымен қатар қарастырылатын құрылыс жобалары бойына сараптама сапасы үшін эксперттік ұйымдардың жауапкершілігін күшейтеді», - деді ол «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне құрылыс нысандарын жобалау саласындағы сарапшылық қызметті реформалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын таныстыру барысында.
«100 АЕК көлемінде айыппұл және 6 айға оның қызметін тоқтату қарастырылуда. Егер тағы қайталанар болса, онда сот шешімімен аттестация туралы куәлігінен айырылып, 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді», - деді бірінші вице-министр.
|