Мемлекеттік қызмет сапасы артады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызмет сапасы артады

22.02.2019

Биыл электронды қызметтердің 80 пайызы, екі жылдан кейін 90 пайызы электронды түрде көрсетіледі. Осылайша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барудың еш қажеттілігі болмайды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының мемлекеттік қызмет көрсету бойынша комиссия отырысында айтылды.

Жиында электронды мемлекеттік қызмет көрсету саласының жетістігі айтылып, болашақта қызметтер түгел электронды түрге көшетіні айтылды. Бұл өз кезегінде барлық қызметті үйден немесе қалта телефонынан алуға мүмкіндік береді. Ол үшін халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру керек. Биыл бұл көрсеткішті 80 пайызға дейін жеткізу көзделген.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- 90 пайызына жетсек, онда мына орталықтардың керегі болмай қалады. Оған біз келуіміз керек. Ондай тәжірибеде бар. Мысалы, Эстонияда ондай оралықтар жоқ.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу