Жолдау: Мемлекеттік қызмет сапасы артады

09.09.2020

Ақмола облысы тұрғындарына ұсынылған мемлекеттік қызметтің 93 пайызы электронды форматта көрсетілген. Саланы цифрландыру арқылы қызмет сапасын арттырып, жергілікті бюджет шығынын үнемдеуге жол ашылмақ. Президент Жолдауын талқылаған мемлекеттік қызметкерлер осылай дейді. Өңірлік мемлекеттік қызмет істері департаменті онлайн режимде 12 рет қабылдау өткізіп, азаматтардың 143 өтінішіне жауап қатқан. Сондай-ақ, call-орталық пен әлеуметтік желілер арқылы 400-ден астам сын-пікір, ұсыныстар келіп түскен. Олар арнайы талданып, Жолдауды жүзеге асыру жоспарына енгізілді. 

 Гүлмира Евниева, Облыстық мемлекеттік қызмет департаменті басқармасының басшысы:

- Кейбір ведомстволардың функциялары қайта қаралатын болады. Бұл талдау функциялардың қайталануын барынша жоюға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мемлекеттік органдардың негізгі емес міндеттерін бәсекелестік ортаға беруді жоспарлап отырмыз. Максималды автоматтандыру және цифрландыру арқылы бизнес-процесті барынша оңтайландыруымыз қажет.


Хабарламаларға жазылу