Қазақстанда қызмет көрсету сапасы артады

18.04.2017

Қазақстанда қызмет көрсету сапасы артады.  Бұл туралы Астанада Қоғамдық тамақтану және сервис колледжінде өткен  арнайы семинарда айтылды. Түркия үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі еліміздің әр түкпірінен келген 100 инженер-педагог маманды түрлі салада оқытады. Аспаз, кондитер, даяршы, қонақ үй қызметі бойынша түрік елінің өкілдері өз тәжірибелерімен бөліседі. Қазақстандық мамандарға арналған семинар екі аптаға созылады.

Бақытжан ОМАР

Хабарламаларға жазылу