«Таңшолпан» ұйымдастырған сайыста жеңімпаздар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан» ұйымдастырған сайыста жеңімпаздар анықталды

05.06.2014
«Таңшолпан» ұйымдастырған сайыста жеңімпаздар анықталды
«Қазақстан» РТРК» АҚ биыл Бразилияда өтетін футболдан Әлем чемпионатына қатысты интеллектуалдық сайыс жариялаған болатын.
 
Ұлттық телеарнаның «Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы футбол тарихынан күн сайын ақпарат беріп, 28 сәуірден бері көрермендерге викторина ұйымдастырды.
 
Көрермендер күн сайын тікелей эфирде айтылған сауалға «Таңшолпан» бағдарламасының tankaz.kz сайтына кіріп, жауап беруге мүмкіндік алды. 30 сауалдың барлығына дұрыс жауап берген көрермендерге бағалы сыйлықтар ұсынылған болатын.
 
Бағалы сыйлықтар қатарында I орын - Түркияға ұшақтың екі билеті (барып-қайту, бизнес-класс), II орын – теледидар, III орын – Ipad бар. Ал, ынталандыру сыйлықтары ретінде чемпионат эмблемасы, телеарналар логотипі таңбаланған 5 футбол добы, 5 шарф, 5 орамал сынды дүниелер ойнатылды.
 
Осылайша, сол сайыстың 19 жеңімпазы анықталып отыр. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 12 маусым күні таңертең «Таңшолпан» бағдарламасы аясында  өтеді.
 
Ал, әлемдік доданы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
 
 

Хабарламаларға жазылу