Ұлттық Ұланның үздіктері марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық Ұланның үздіктері марапатталды

08.12.2017

Ұлттық ұланның оңтүстік өңірлік қолбасшылығының «Үздік батальон командирі», «Үздік батальонның штаб бастығы», «Үздік батальон командирінің орынбасары» анықталды.

Үш кезеңнен тұратын сайыста түрлі нормативтік сынақтардан сүрінбей өткен әскерилер жауынгерлік шеберліктері жоғары деңгейде екендігін көрсетті. Сөйтіп, үздік шыққандар арнайы сыйлыққа ие болды. Жалпы, дәстүрлі жарысқа 40-тан астам үміткер қатысты. Енді жеңімпаздар Астана қаласында болатын республикалық жарыста бақ сынайды.

Саламат Әмірханов, Батальон командирінің орынбасары:

- Бұл сайыста бұйрықтарды жақсы меңгеру туралы, заңдарды білу, спорт жағынан, ату-ұрыс жағынан сайыс өткізеді.

 

Амангелді СЕЙІТХАН

Хабарламаларға жазылу