«Таңшолпанның» күн сауалына жауап берген жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпанның» күн сауалына жауап берген жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО)

01.12.2015
«Таңшолпанның» күн сауалына жауап берген жеңімпаздары анықталды (ВИДЕО)

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасы бір ай бұрын байқау жариялаған болатын. Яғни,  жылдың айтулы оқиғалары арқау болған сұрақтарға белсенді жауап берген жеңімпаздар анықталды. Марапаттау салтанатына ҚР Паламенті Мәжілісінің депутаты Алдан Смайыл  арнайы  келді.

«Таңшолпанға» тұрақты түрде  хабарласып, күн сауалына жауап беріп жүрген Дархан Қожахметов марапатталды.

«Бүгінгі күн мен үшін аса қуанышты күн. Ұлттық арна қызметкерлеріне шығармашылық табыстар тілеймін. Сондай-ақ, барша қазақстандықтарды бүгінгі Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын»,-дейді жеңімпаз.

Ал, екінші жеңімпаз астаналық Гүлмира Сейілова тек «Таңшолпан» бағдарламасы ғана емес, сондай-ақ, Қазақ, «Шалқар» мен «Астана» радиоларындағы қазақ тарихына, мәдениетіне қатысты хабарлардың да тұрақты тыңдарманы екенін айтады.

 

Хабарламаларға жазылу