Қазақ күресінен жеңімпаздар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ күресінен жеңімпаздар анықталды

04.09.2019

Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан дүниежүзілік жауынгерлік ойындар бағдарламасына тұңғыш рет енген қазақ күресінде алты салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегер белгілі болды. Жарысқа келген 100-ден астам елдің 30-ы қазақ күресіне қатысатын балуандар баптап әкелген. Дүбірлі додада қазақ елінің балуандарына екі алтын, екі күміс және екі қола жүлде бұйырды.

Дүниежүзілік Қазақ күресі федерациясы алдағы уақытта да төл өнерімізді дамытуды жалғастыруды көздеп отыр. Енді әлем чемпионатын ұйымдастыру жоспарда бар.

Бекзат Манасбаев, Қазақ күресінен дүниежүзілік жауынгерлік ойындар жеңімпазы:

Жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Шетелдіктердің барлығы біздің күресті жетік меңгеріп алған белдесу өте қиын. Бірақ ел намысы сынға түскен шақта аянып қалмадық.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу