Қарағандыда велосипед фестивалі өтеді
8 маусымда Қарағандыда өтетін «Қарағанды-VeloCity» велосипед фестивалі осымен жетінші рет бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылып өтеді, деп хабарлады sports.kz.
Фестиваль велосипед мәдениеті мен инфрақұрылымын көпшілікке тарату, ресурстарды, энергия үнемдеу және қоршаған ортаның ластануы мәселесіне қоғамның назарын аударту мақсатымен өткізілмек.
Осы жылы фестиваль Орталық мәдениет және демалыс саябағында өтеді. Ұйымдастырушылар «Пятый угол» музыкалық тобының қатысуымен концерт пен түрлі жарыстар дайындап жатыр. Спорттық, сондай-ақ, әзіл-сықаққа құрылған байқаулар да бар. Сайысқа қатысушыларды өз велосипедін кім көп көтереді, немесе аз жылдамдықта белгілі бір аралықты өтіп, велосипедтен құламау сияқты сындар күтіп тұр. Сонымен бірге, шағын жарыс та ұйымдастырылады.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44