Астанада құмай тазылардың байқауы өтеді
Астана қаласына маңында орналасқан «Балқарағай» демалыс кешенінде 21-ші қыркүйек күні қазақтың құмай тазыларының республикалық байқауы өтеді, деп хабарлайды ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ресми сайты.
Іс-шараны республикалық «Қансонар» қауымдастығы мен ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығына қарасты «Құмай» федерациясы бірлесе ұйымдастыруда.
«Құмай тазы қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасының бір бөлшегі, яки жеті қазынасының бірі. «Қансонар» қауымдастығы қазақ тазы иттерінің шығу тегі Қазақстан аумағынан тарағанын мойындату жөнінде белсенді жұмыстар атқарып келеді. Құмай тазыны иемдегісі келетін басқа да халықтар бар. Оны дәлелдеу оңай емес. Сондықтан, республика көлемінде өткізілетін бұл байқаудың маңызы зор», — дейді «Қансонар» қауымдастығының Басқарма төрағасы Оралбай Әбдікәрімов.
Ұйымдастырушылар байқауды «Балқарағайда» өткізу туралы шешімге тоқталып отыр. Себебі, демалыс кешенінің орналасқан жері мен көлемі ыңғайлы, әрі мұндай іс-шараны ұйымдастыруға инфақұрылымы сай.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16