Өскеменде жылу электр станциясынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде жылу электр станциясынан өрт шықты

02.06.2014
Өскеменде жылу электр станциясынан өрт шықты
Өскемен қаласындағы Согринская көшесінде орналасқан жылу электр станциясының №2 конвейерінен өрт шыққан.
 
Кеше күндізгі сағат 16:00 шамасында мұнда 40 метрлік транспортерлік таспа, электр кабелі мен бункердегі 20 тонна көмір тұтанған.
 
Аумағы 40 шаршы метрді шарпыған тілсіз жау сағат түнгі 22-лер шамасында сөндірінді. Оны сөндіру жұмыстарына Шығыс Қазақстан облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамының 65 адамы мен 16 техникасы, ҚР ТЖД 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.
 
Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу