Өскеменде май зауытында өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде май зауытында өрт шықты

17.10.2023

Өскемендегі май зауыты өртенді. Мамандар жалынмен 9 сағатқа жуық арпалысқан.

Олжас Керейхан, тілші:

Өскемендегі май зауыты өртенді. Әуелі, кәсіпорындағы майды сығымдап күнбағысты кептіру кешені тұтанған. Одан соң жалын биік мұнараның жоғарғы бөлігін шарпыған. Өртті сөндіруге қалалық төтенше жағдай басқармасының жеке құрамынан 61 маман мен 15 техника, және «Таза Өскемен» мекемесінен 6 адам мен 3 техника, жұмылдырылды. Мамандар тілсіз жауды 6 сағаттан астам уақытта толық жойды. Нәтижесінде кәсіпорын қоймасындағы 3 мың тонна күнбағысты аман сақтап қалды. Ал өрттің шығуына өндірістегі технологиялық процестің бұзылуы себеп болуы мүмкін деген болжам бар. Ең бастысы адам шығыны жоқ.


Олжас Керейхан


Хабарламаларға жазылу