Риддерде жылу электр орталығындағы өрт сөндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддерде жылу электр орталығындағы өрт сөндірілді

19.01.2023

Бүгін таңға жуық Риддер жылыту электр орталығында өрт болды. Алдын-ала мәлімет бойынша стратегиялық нысанның қазандыққа көмір беру бөлігінде 280 шаршы метр аумақ жанды. 

Қазір өрт сөндірілді. Ол үшін қаладағы өрт сөндіру бөлімінің техникасы мен жеке құрамы толық жұмылдырылған. Оған қоса Өскеменнен 10 өрт сөндіру техникасы мен мамандар көмекке келген. Нәтижесінде, негізге орт ошағы сөндірілді. Осы оқиғаға байланысты облыс әкімінің жетекшілігімен арнайы шатаб құрылды. аймақ басшысы жағдайды сараптай келе, қала жылусыз қалмас үшін әрбір құрылымдық бөлімші басшысына тапсырма берді.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

Жылыту электр орталығының көмір беру галлериясы өртенгендіктен қазандықтар мазутпен жылытуға көшірілді. Қазір жалпы қорда 320 тонна мазут бар. Оған қоса тағы 920 тонна жеткізілек. Бұл сұйық отын 5 күнге жетеді.

Көмір беретін бөлік қашан қалпына келетіні әзірге белгісіз. Өйткені 280 шаршы метр жер жанған. Ал үйлер мен нысандар әзірше суыған жоқ. Бұрын қандай темпратура болды. Соны ұстап тұр. Егер сақылдаған сары аяз түссе жағдай қиындауы мүмкін. Ал қалада былтыр қарашаның 6-да жарияланған төтенше жағдай әлі алынған жоқ.

Хабарламаларға жазылу