Риддерде төтенше жағдай режимі алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Риддерде төтенше жағдай режимі алынды

16.02.2023

Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында/ техногендік сипатта жарияланған төтенше жағдай режимі алынды.

Естеріңізге салайық былтыр қараша айында шаһардағы жылу электр ортылығында апат болды. Кейін ол бірнеше рет қайталанды. Ал қаңтар айында өрт шықты. Салдарынан көпқабатты үйлер мен орталықтан жылытылатын нысандар қыстай салқын болды. Оқу орындары екі айға жуық онлайн оқыды. Ал өткен айдың соңында "Риддер жылыту электр орталығын" басқа инвестор сатып алды. Осыдан соң стратегиялық нысанның жағдайы оңала бастады.


Хабарламаларға жазылу