Өскеменде әкімдік ғимаратынан өрт шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскеменде әкімдік ғимаратынан өрт шықты

04.10.2021

Өскеменде әкімдік ғимаратынан өрт шықты. Облыс әкімі отыратын ғимараттың 5-ші қабатында еден мен кілем жанған. Өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрттің жалпы аумағы 121 шаршы метр екенін хабарлады. Оқиға орнына дереу жеткен 17 техника мен 65 құтқарушы жалынның отан ары таралуына жол бермеді. Қаза болған мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.


Хабарламаларға жазылу