Ресейде бортында 18 адам болған тікұшақ апатқа ұшырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресейде бортында 18 адам болған тікұшақ апатқа ұшырады

01.06.2014
Ресейде бортында 18 адам болған тікұшақ апатқа ұшырады
Ресейдің Мурманск облысында жексенбі күні таңертең тікұшақ апатқа ұшырады.  Тікұшақ бортында 18 адам болған.  
 
Екі адам ауыр жарақатпен ауруханаға түсті, ал қалғандарының тағдыры әлі белгісіз, деп хабарлайды РИА Новости.
 
Құлаған МИ-8 тікұшағының бортында Мурманск облысы губернаторының орынбасары Сергей Скоморохов, орман шаруашылығы департаментінің басшысы Олег Вереникин, «Апатит» АҚА бас директоры  Алексей Григорьев, облыстың экология министрі Алексей Смирнов болуы мүмкін.

Хабарламаларға жазылу