Эфиопияда бүгін қаралы күн жарияланды

11.03.2019

Жексенбі таңертең мұнда Boeing 737 MAX ұшағы құлап, оның бортында болған 157 адамның барлығы қаза тапты. Бұл трагедиядан кейін Қытай «макс-джеттерді» түгелдей жерге қондырды.

«Ethiopian Airlines» әуе компаниясының жолаушылар лайнері Аддис-Абебадан Кения астанасы Найробиге бағыт алған еді. Алайда, көкке көтерілгеннен кейін 6 минуттан соң Boeing апатқа ұшырады. Ұшақ бортында болған азаматтардың 32-і кениялық, 18-і канадалық, 8-і америкалық, 7-і британиялық, ал үшеуі ресейлік азамат. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Аспанға көтерілгеннен кейін әуе кемесінің пилоты қандай да бір қиындықтардың туындағанын айтып, Аддис-Абебаға оралуға рұқсат алған. Дәл осындай Boeing өткен күзде Индонезияда апатқа ұшыраған еді. Ол кезде пилоттар лайнердің автоматтық жүйесін басқара алмай, ұшақ бортындағы 189 адамымен Ява теңізіне құлады.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу