Астанада саяси қуғын-сүргін тақырыбына арналған көрме ашылады
ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарынеске алу күніне орайластырылған «Халық қасіреті және тарих тағылымы» атты кітап көрмесі және Алмас Сырғабаевтың «Ұлы дала тарихы» атты көркемсурет көрмесі ашылады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президентінің музейі хабарлады, деп мәлімдеді astana.kz.
Көрмеге ҚР ҰАК қорынан Қазақстандағы саяси қуғын-сүргін тақырыбына арналған 200-ге жуық кітап-журнал, жинақтар және отандық суретші Алмас Сырғабаевтың 30 еңбегі қойылды.
Суретшінің «Қара орамал», «Жанталас», «Қаралы көш», «Мұңлы әуен» атты картиналары мен Алашорда өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев пен басқаларының портреттерінен сол жылдардағы қайғы-қасіретті, адамдардың өмірге құштарлығын және қайтпас қайсарлығын көруге болады.
Бұдан басқа көрмеге келушілер суретшінің плакаттық жанрда компьютерлік графикамен салынған «Астана бейбітшілік қаласы» атты туындыларымен таныса алады.
Саяси қуғын-сүргін мен ашаршылық туралы әр адам білуі керек. Ұйымдастырушылардың айтуынша, кітап пен көркемсурет көрмелері 1-ші шілдеге дейін өтеді және оны тамашалау үшін елорда тұрғындары мен қонақтарын Ұлттық академиялық кітапханаға шақырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сахна саңлағы Сәбит Оразбаев – 90 жаста
30.04.2026, 10:22
Қазақ тілін жетік меңгерген ақтөбелік Артем Райзих тарих пәнінен сабақ береді
30.04.2026, 10:20
АҚШ Иранмен соғысқа 25 млрд доллар жұмсаған
30.04.2026, 10:16
Әлем нарығында мұнай бағасы 123 доллардан асты
30.04.2026, 10:16
Еліміздің бес өңірінде 2800-ден аса көлік айыппұл тұрағына қойылды
30.04.2026, 10:15
Ақмола облысында сүт зауытындағы жарылыстан екі жұмысшы зардап шекті
30.04.2026, 10:11
Екі жылда энергетика саласындағы мамандардың жалақысы 40%-ға өскен
30.04.2026, 10:08
Сенат мемлекеттік қызмет және жануарларды қорғау туралы заңдарды қарап жатыр
30.04.2026, 10:07