Дмитрий Груздев Азия чемпионатында алтын медаль алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дмитрий Груздев Азия чемпионатында алтын медаль алды

29.05.2014
Дмитрий Груздев Азия чемпионатында алтын медаль алды
Ол ерлер арасындағы 45 шақырым жеке жарыста бақ сынады.   
Бүгін Қарағанды қаласында екінші күн  жалғасып жатқан чемпионатта қазақстандық велошабандоз Дмитрий Груздев мәреге бірінші болып жетті.
Ол ерлер арасындағы 45 шақырым жеке жарыста бақ сынады.   
Естеріңізге сала кетейік, кеше  Қазақстан спортшысы Екатерина Юрайтис велоспорттан Азия чемпионатында 15 шақырымға жеке жарыста алтын медаль иеленген болатын. Сонымен қатар, Әлішер Жұмахан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жарыс өз уақытында басталды.
 

Хабарламаларға жазылу