Қарағандыда велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағандыда велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды (ВИДЕО)

02.06.2014
Қарағандыда велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды (ВИДЕО)
 
Қарағандыда велоспорттан Азия чемпионаты аяқталды. 15-тен аса мемлекеттің өкілдері бақ сынаған бәсекеде қазақстандықтар айтарлықтай табысқа қол жеткізді.
 
Үш жас санаты бойынша өткен тасжолдағы жарыстың қорытындысы бойынша ел қоржынында - 11 алтын медаль. Жалпыкомандалық есепте жерлестеріміз І орынды иеленді. 
 
Соңғы жарыс күні 204 шақырымға созылған топтық бәсекеде жеңіс тұғырына    қазақстандық спортшылар көтерілді. Руслан Тілеубаев мәре сызығын бірінші болып кессе, Максим Иглинский - екінші, Дмитрий Груздев - үздік үштікті түйіндеді.
 
Индира БЕКТЕНОВА

Хабарламаларға жазылу