«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесiнiң жаңа басшысы тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесiнiң жаңа басшысы тағайындалды

29.05.2014
«ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесiнiң жаңа басшысы тағайындалды
 «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесiнiң басшысы болып Ардақ Қасымбек тағайындалды. Бұл туралы бүгiн «ҚазТрансОйл» АҚ-ның Бас директоры Қайыргелдi Қабылдин мәлiм еттi.
 
«28 мамырда «ҚазТрансОйл» АҚ жылдық жалпы жиналысын өткiздi. Онда директорлар кеңесiнiң кейбiр мүшелердiң өкiлеттiлiктерiн мерзiмiнен бұрын тоқтату және үш жыл өкiлеттiк мерзiммен директорлар кеңесiнiң жаңа мүшелерiн сайлау туралы шешiм қабылдады. «ҚазТрансОйл» АҚ директорлар кеңесiнiң төрағасы болып Ардақ Қасымбек сайланды», - дедi ол.
ҚазАқпарат
 

Хабарламаларға жазылу