Д.Ереншінов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Д.Ереншінов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы болып тағайындалды

02.05.2016
Д.Ереншінов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы болып тағайындалды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның басшылығымен өткен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің бірінші отырысында  мемлекеттік корпорацияның басшысы болып Ереншінов Данияр Қағазбекұлы тағайындалды.

Отырысқа директорлар кеңесінің мүшелері - Мемлекеттік қызмет істері бойынша, Ұлттық экономика, Әділет, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, Білім және ғылым, Инвестициялар және даму бойынша министрліктерінің басшылары қатысты. 

Жиын барысында атқарушы орган құрамы бекітілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында құрылды.  Ол өз жұмысын 2016 жылы 11 сәуірде бастады.

Хабарламаларға жазылу