Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

10.09.2015
Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң келiсiмi бойынша Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен Мұхтар Наурызбайұлы Мәнкеев Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң орынбасары болып тағайындалды.

Ол индустриаландыру, кәсiпкерлiк пен туризмдi дамыту мәселелерiне жауап бередi.

Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстандық аграрлық-техникалық университетiн, Финляндиядағы Оулу университетiн «инженер», «экономика бакалавры», «бизнес-басқару магистрi» мамандықтары бойынша аяқтаған.

2005 — 2007 жылдар аралығында Батысқазақстандық «Жасыл Ел» облыстық филиалының басшысы, «Жасыл Ел» республикалық штабының басшысы қызметiн атқарды.

2007-2011 жылдары аралығында «Самғау Ұлттық холдингi» АҚ менеджерi, PETROFAC International кен шығаратын орындарын дамыту бойынша инженерi (Ақсай., Лондон қ.), ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң «Инжиниринг және трансферттiк технологиялар орталығы» АҚ трансферттiк технологиялар департаментiнiң директоры қызметiн атқарды.

2011 жылдан 2013 жылға дейiн «Astana Innovations» АҚ басқарушы директоры-басқарма мүшесi болды.

2013 жылдан бастап осы тағайындауға дейiн ҚР Бiлiм және ғылым басқармасының «Ғылым қоры» АҚ директорлар кеңесiнiң тәуелсiз директоры және «Финдiк Бизнес Хаб» компаниясының директоры қызметiн атқарды (Финляндия-Қазақстан).

Осыған дейiн СҚО әкiмi орынбасары болған Ерлан Мұратұлы Әукенов Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары лауазымына тағайындалды.

Хабарламаларға жазылу