«Өзекті технологиялар: ТВ-2014» көрмесі өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Өзекті технологиялар: ТВ-2014» көрмесі өтеді

28.05.2014
«Өзекті технологиялар: ТВ-2014» көрмесі өтеді
 
29-31 мамыр аралығында Астанадағы «Көрме» орталығында «Өзекті технологиялар: ТВ-2014» көрме-конференциясы өтеді. Шараны «Өзекті телевизиялық ақпарат тарату технологиялары» компаниясы ұйымдастырып отыр.
 
Бұл – медиа-саладағы өзекті ақпараттық-технологиялық жаңа тенденцияларды дамытуға бағытталған  Орталық Азия аумағындағы жалғыз мультиформатты шара. Мұнда Қазақстанның медиа саласындағы өзекті мәселелер талқыланады.
 
Шара барысында телевия қызметкерлеріне арналған түрлі құрылғылардың көрме экспозициясы, 70-тен астам семинар мен тренинг өтеді.

Хабарламаларға жазылу