Маусым айында «Астана-Шымкент» бағытындағы жаңа жүрдек пойызы іске қосылады
|
Жаз айының алғашқы күні «Астана – Шымкент» бағытында жаңа жүрдек пойызы іске қосылады. Пойыз құрамы «Тальго» жүрдек вагондарынан жасақталған. Пойыз 2-ші маусымда жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап, astana.kz хабарлайды.
Хабарламаға сәйкес, №79/80 «Астана - Шымкент» бағытындағы жолаушылар пойызы 22 вагоннан тұрады: оның 3-еуі «Бизнес», 3 «Гранд», 12 «Турист», 1 вагон ресторан, 1 вагон-бар мен 2 техникалық вагон. Шымкентке дейінгі жол бұрынғыдай 24 сағат емес, 15 сағат 35 минутты құрайды.
Құрам Қарағанды, Сарышаған, Шу, Жамбыл станцияларына аялдайды. Аталған жолаушылар пойызы елорданы еліміздің ірі қалаларының бірімен байланыстырады. Басты мақсаты - жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру.
|
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оқушылар роботтарды ұлттық ойынға қосты
18.03.2026, 13:24
18 наурыз – Ұлттық киім күні
18.03.2026, 13:21
Иран Израильді кассеталы зымырандармен атқылады
18.03.2026, 13:15
Ақтөбе облысы су тасқынына дайындалуда
18.03.2026, 13:12
Су кодексіндегі бірқатар норма күшейтілді
18.03.2026, 13:09
Конституцияның мәтіні «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланды
18.03.2026, 13:06
Жаңа Конституция – халықтың игілігі үшін
18.03.2026, 13:03
Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
18.03.2026, 13:00