Ақтөбе облысы су тасқынына дайындалуда
Ақтөбе облысында көктемгі су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Соңғы бір жылда өңірде республикалық маңызы бар жолдардағы 19 көпір мен су өткізу құбырлары жөнделді.
Жол қызметкерлері бүгін Ақтөбе-Атырау бағытындағы автомобиль жолын тексерді. Бұл магистраль бір жыл бұрын ғана қолданысқа берілген еді. Сондықтан ақау шықса, оны дер кезінде анықтау өте маңызды. Қазір облыс аумағымен өтетін республикалық маңыздағы жолдардың ұзындығы 1840 шақырымнан асады. Оның бойында 104 көпір мен 1042 су өткізу құбыры бар. Сапаға жауапты мамандардың айтуынша, өңірде әлі де су басу қаупі бар он екі нысан бар. Оның көбі Қарабұтақ – Жүргенов – Қостанай тас жолында орналасқан.
Еркебұлан Жолманов, инженер:
115 техника бөлінген, барлық ұжым осыған қарастырылған. Қазіргі таңда толықтай жүз пайыз көпірлер мен су өткізгіш құбырларымыздың барлығы қардан тазартылған.
Автор
Жақсыбек Кемал
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16