Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

25.05.2014
Канн кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Канн қаласында 67-ші Канн кинофестивалі аяқталды. «Алтын пальма бұтағына» түрік режиссеріНури Бильге Джейланның «Қысқы ұйқы» картинасы ие болды. Гран-при жүлдесі италиялық режиссер Алиса Рорвакердің «Ғажайыптар» фильміне бұйырды.  Бұл туралы фестивальдің баспасөз қызметі хабарлады.
 
Ал ең үздік ерлер рөлі жүлдесін қажылар алқасы британдық актер Тимоти Споллуға берді. Ол Майка Лидің «Уильям Тернер» картинасында суретшінің рөлін сомдаған. Ең үздік әйел рөлін америкалық актриса Джулианна Мур Дэвид Кроненбергтің «Жұлдызды карта» фильміндегі рөлі үшін иеленді.
 
Ал режиссура үшін «Охотник на лис» фильмін түсірген америкалық Беннет Миллер жүлдеге ие болды. Үздік сценарий жүлдесін ресейлік Андрей Звягинцевтің «Левиафан» картинасы иеленді.
 
67-ші Канн кинофестиваліне 18 лента қатысты. Оның ішінде қазақстандық режиссер Әділхан Ержановтың «Қожайындар» фильмі де енген.
 

Хабарламаларға жазылу