Режиссер Айдос Сейітжанның «Туған» фильмі Канн фестивалінде қорғалады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Режиссер Айдос Сейітжанның «Туған» фильмі Канн фестивалінде қорғалады (ВИДЕО)

11.04.2016
Режиссер Айдос Сейітжанның  «Туған» фильмі  Канн фестивалінде қорғалады (ВИДЕО)

Биыл мамыр айының соңында Францияның Канн қаласында әлем кинорежиссерлері бас қосады.

1946 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Канн фестиваліне Қазақстан атынан «Туған» атты фильм жіберілді.

Мамыр айында қорғалатын жобаның атауы да ерекше, мазмұны да терең. Сюжет бойынша, бір күнде туған сәбилер ауысып кетіп, қалалық әйел басқаның баласын жатырқайды. Ал, ауылда тұратын келіншек сәбидің өзінікі емес екенін сезсе де, өзекке теппей бауырына басады. Соңында қос ана өз балаларымен қауышады.

Қысқаметражды фильм режиссері - Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының магистранты Айдос Сейітжан.

Түсірілім жұмыстары бір ай жүргізілген.  

«Фильм алдымен университет арасында талқыланып, іріктеліп алынған. Кейін бізге төрт қысқаметражды туынды келіп түсті. Олардың арасынан «Туған» фильмі жолдамаға ие болды. Автордың режиссерлық жұмысына да жоғары баға берілді», дейді  халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің директоры Рашид Нұғыманов.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу