Бүгін еліміздің барлық мектебінде дәстүрлі соңғы қоңырау салтанаты өтеді
Бүгін еліміздің барлық мектебінде дәстүрлі соңғы қоңырау салтанаты өтеді. Қалалық Білім басқармасының мәліметінше, биылғы жылы Астанада 4042 оқушы мектеп бітірмек.
Елордалық түлектерге арналған басты шара «Арай» бағында өтеді. Сонымен қатар, оқушыларды салтанатты құттықтау рәсімі студенттер бағы мен Қаржы министрлігінің алдындағы алаңда ұйымдастырылады.
Бұдан басқа, халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары үшін жаңа Оқушылар сарайында «ТРИУМФ» балы өткізіледі.
Мерекелік бағдарлама аясында өткен жылдары өткізілген халықаралық, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың оқытушыларын марапаттау салтанаты өтеді.
Шараға ҚР Парламентінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, ҚР Білім және ғылым министрлігінің, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының, Астана қаласы әкімдігінің өкілдері, қалалық білім мекемелерінің басшылары шақырылды.
Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, Қазақстанда биылғы жылы ҰБТ-ға қатысуға 92077 мектеп бітіруші тілек білдірген. Ол мектеп бітірушілердің жалпы санының 72 пайызын құрайды. Оның ішінде 63603 түлек - қазақ тілінде тапсырса, 28474 мектеп біріуші - орыс тілінде тапсырады.
Елордалық түлектер үшін ҰБТ 2, 4 және 6 маусым күндеріне белгіленді.
Ал, ҰБТ тапсыру жүйесінде биыл өзгеріс болған жоқ. Оқушыларға сұрақтарға жауап беру үшін 3,5 сағат уақыт бөлінеді. Белгіленген межелік өту балы - 50 балл, ал, Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70 балл жинау қажет.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ШҚО-да соңғы үш жылда 1 млн-ға жуық турист келген
18.12.2025, 20:54
Әлемнің ең мықты бадминтоншылары бақ сынап жатыр
18.12.2025, 20:50
Әлем жаңалықтарына шолу
18.12.2025, 20:15
Отандық арналар Түркияда хабар таратады
18.12.2025, 20:14
Қонаев қаласында дауыл салдарынан бүлінген нысандар қалпына келтірілді
18.12.2025, 20:14
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,9 пайызға өсті
18.12.2025, 20:09
Түркістанда көпір қирап, қатынас үзілген соң оқушылар онлайн оқып жатыр
18.12.2025, 20:09
Автосақтандыру компаниялары төлейтін өтемақы мөлшері екі есе өседі
18.12.2025, 20:08