Франция динозаврдың қаңқасы 7,7 млн долларға сатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция динозаврдың қаңқасы 7,7 млн долларға сатылды

22.10.2021

Парижде өткен аукционда әлемдегі ең үлкен трицератопстың қаңқасы 7,7 миллион долларға өтті. Оны есімін атамаған америкалық коллекционер сатып алған.

Палеонтологтар «Үлкен Джон» деп атаған алып динозаврдың сүйектері 2014 жылы Оңтүстік Дакотада табылып, қайта құрастырылған. Ежелгі жануардың жасы - шамамен 66 миллион жыл. Бұл скелет өзінің ірілігімен Гиннестің рекордтар кітабына енген.

Арыстан Рысбек


Франция динозавр

Хабарламаларға жазылу