«Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызы 3 маусымнан бастап жүреді
3 маусымнан бастап, жазғы маусымға «Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызы іске қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жазғы демалыс маусымында жолаушылар тасымалына сұраныстың артуына байланысты«Жолаушылар тасымалы» Акционерлік қоғамы 2014 жылғы 3 маусымнан бастап, жазғы маусымға №483/484 «Астана-Адлер» халықаралық жолаушылар пойызын жіберуді жоспарлап отыр», - делінген хабарламада.
Аталмыш пойыз жазғы маусымда аптасына екі мәрте, Астанадан сейсенбі мен сенбі күндері 3 маусым мен 30 тамыз аралығында аттанып, Адлерге жұма-сейсенбі күндері 6 маусым мен 2 қыркүйек аралығында келеді.
Адлерден сенбі және сәрсенбі күндері 7 маусым мен 3 қыркүйек аралығында жүріп, Астанаға сейсенбі мен сенбі күндері 10 маусым мен 6 қыркүйек аралығында келеді.
Пойыз құрамдарында «Қостанай-Адлер», «Павлодар-Адлер» және «Қарағанды-Адлер» бағытындағы ауысымсыз вагондары да бар.
Сондай-ақ, «Қарағанды-Мәскеу» бағытындағы №83/84 жүрдек халықаралық пойызы жыл бойына күн сайын жүретін болады.
Тағы бір айта кетерлігі, «Ресей темір жолдары» ААҚ-на тиесілі №391/392 «Барнаул-Лениногорск»пойызының маршрутына өзгеріс енгізіліп, «Томск-Лениногорск» бағытында қатынай бастайды.
Туындаған сұрақтар бойынша теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірегей анықтама қызметіне хабарласуға болады.
Тағы бір айта кетерлігі, «Ресей темір жолдары» ААҚ-на тиесілі №391/392 «Барнаул-Лениногорск»пойызының маршрутына өзгеріс енгізіліп, «Томск-Лениногорск» бағытында қатынай бастайды.
Туындаған сұрақтар бойынша теміржол вокзалдарының анықтама бөлімдеріне немесе 105 бірегей анықтама қызметіне хабарласуға болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Алматыда халықаралық көрме ашылды
06.03.2026, 20:59
Бүгін Ақ Паралимпиаданың алауы тұтанады
06.03.2026, 20:57
Тағдыр сынына мойымаған, қайсар мінезімен көпке үлге болған спортшы
06.03.2026, 20:54
Боччадан республикалық турнир өз мәресіне жетті
06.03.2026, 20:51
Әлем әйелдермен әдемі
06.03.2026, 20:50
Мемлекет басшысы халықаралық Қызыл Крест комитетінің президентімен кездесті
06.03.2026, 20:21
Мемлекет басшысы мереке қарсаңында бір топ қыз-келіншекті марапаттады
06.03.2026, 20:17
Президент мерекелік концертті тамашалады
06.03.2026, 20:16