2020 жылға қарай Қазақстанда электрондық денсаулық төлқұжаты қолданысқа енеді

23.05.2014
2020 жылға қарай Қазақстанда электрондық денсаулық төлқұжаты қолданысқа енеді

 

2020 жылға қарай қазақстандықтар электрондық денсаулық төлқұжатына ие болады. Бұл туралыVII Астана экономикалық форумының аясындағы сессияда  ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Болат Төкежанов мәлімдеді.
 
Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанда электрондық денсаулық сақтауды қалыптастыру ең алдымен науқастың және дәрігерлік қызметкердің қажеттілігіне бағытталған жүйе құруға мүмкіндік береді.
 
«Онда әрбір азамат өзінің денсаулығы туралы ақпаратты ғана емес, дәрігерге қаралу туралы хабарламаларды, скрингтер немесе профилактикалық үдерістерден өту туралы ақпараттарды алатын болады», -деді Б.Төкежанов.
 
ҚазАқпарат

Хабарламаларға жазылу